Әлем27 қазан 2023, 10:09

Германияда Ресейге дронға арналған қозғалтқыштарды жеткізіп жүрген кәсіпкер ұсталды

Германияда Ресей Федерациясына құны 2 миллион еуроға жуық дрондарға арналған қозғалтқыштарды жеткізген кәсіпкер қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Неміс кеденінің Қылмыстық іздестіру департаменті Германияның Кассель аймағында тұратын кәсіпкерді тұтқындауға ордер берді.

Ол санкцияларды айналып өтіп, Ресей Федерациясына Ресейдің Украинаға қарсы соғысында қолданатын дрондардың қозғалтқыштарын жеткізген деген күдікке ілінген.

Бұл туралы Майндағы Франкфурт прокуратурасы мен Бонндағы бас кеден басқармасы хабарлады.

Кәсіпкердің алты тұрғын және коммерциялық нысанында тінту жүргізілді.
 
2022-2023 жылдары ол Гонконгтағы компания арқылы Санкт-Петербургтен келген компанияға радиомен басқарылатын үлгілерге арналған қозғалтқыштар, электронды бөлшектер мен басқа да материалдар жеткізген. Қозғалтқыштар, атап айтқанда, ресейлік Орлан-10 барлау дрондары қолданылады.
 
2023 жылдың жазында кеден қылмыстық тергеушілер компаниядан барлығы 120 осындай қозғалтқышты тәркілеп, осылайша олардың Ресейге экспортталуына жол бермеген. 
 
Сонымен қатар, кәсіпкерге қазіргі шектеулерді айналып өтіп, Гонконг арқылы Ресейге де жеткізілген екі қымбат көлікті Ресей Федерациясына заңсыз экспорттаған деген айып тағылып отыр.

Санкцияларды айналып өтіп, Ресей Федерациясына экспортталған барлық тауардың құны шамамен екі миллион еуроны құрайды.

Германия тұтқындау ресейлік кәсіпкер Дрон

Тақырыпқа жаңалықтар