Әлем2 ақпан 2024, 9:40

Германияда төрт күндік жұмыс аптасы бойынша сынақ басталды

1 ақпаннан бастап 45 неміс компаниясының жүздеген қызметкері аптасына үш күн демалыспен, толық жалақысын сақтай отырып жұмыс істейтін болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Зерттеудің мақсаты - бұл шынымен де қызметкерлерді сау және бақытты етіп қана қоймай, кәсіподақтар ұсынғандай өнімдірек ете алатынын анықтау.

Бақытсыз жұмысшылар компанияларға көп шығын әкеледі дейді мамандар.

Gallop зерттеуі төмен белсенділік пен өнімділіктің әлемдік экономикаға 2023 жылы 8,1 триллион еуроға шығын әкелетінін көрсетті.

Америка Құрама Штаттарында және Канадада төрт күндік апталық эксперименттер оң нәтиже көрсетті, физикалық және психикалық денсаулық жақсарып, сондай-ақ діңкелену деңгейі төмендеген.

Эксперимент нәтижесінде қатысушы компаниялардың ешқайсысы бес күндік аптаға қайта оралуды жоспарлаған жоқ.

Бірақ мұндай бастаманы сынайтындар да бар.

Германияның қаржы министрі Кристиан Линднердің айтуынша, мұндай қадам Германияның экономикалық өсуі мен өркендеуіне қауіп төндіреді.

Тәжірибеге қандай неміс фирмалары қатысатыны жария етілмеді, бірақ бұл әртүрлі секторлардың компаниялары екені белгілі, олардың 30% Солтүстік Рейн-Вестфалияда, 17% Баден-Вюртембергте, 16% Баварияда, Берлинде 6%.

төрт күндік жұмыс аптасы Германия Сынақ

Тақырыпқа жаңалықтар