Грекия Украинаға енді армия қолданбайтын қару-жарақ пакетін береді
Афины үкіметі ескірген қару-жарақ жүйелерін Украинаға беруді мақұлдады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы грекиялық Kathimerini басылымы жария етті.
Пакетке не кіретіні көрсетілмеген, бірақ грек армиясы, атап айтқанда, кеңестік Тор, Оса, С-300 әуе қорғаныс жүйелерімен және ЗУ-23-2 зениттік зеңбіректерімен қаруланғаны белгілі.
Бұған дейін 27 қаңтарда АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Грекия премьер-министрі Кириакису Мицотакиске жазған хатында Вашингтонның 200 миллион доллар көлеміндегі қосымша көмегінің орнына Украинаға қару-жарақ беруге немесе сатуға шақырған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: