Грузия парламенті Саломе Зурабишвилиге импичмент жариялай алмады
Грузия парламенті президент Саломе Зурабишвилиге импичмент жариялай алмады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жасырын дауыс беру кезінде оның орнынан алынуын 86 депутат қолдап, біреуі қарсы шықты.
Зурабишвилиге импичмент жариялау үшін 100 дауыс қажет болды.
Парламентте 150 орын бар, бірақ жиында тек 90 депутат тіркелген.
Ұлттық қозғалыс пен басқа да оппозициялық партиялардың өкілдері залда болған жоқ.
Биліктегі «Грузин арманы» партиясы қыркүйек айында президентке импичмент жариялау бастамасын көтеріп, Зурабишвили үкіметтің келісімінсіз шетелге барып, шенеуніктермен кездескенін айтқан болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: