Әлем20 қазан 2023, 17:35

Ирактағы АҚШ-тың екі әскери базасына дрондар шабуыл жасады

Ирактағы АҚШ-тың екі әскери базасына дрондар шабуыл жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Айн әл-Асад авиабазасы маңындағы дрондар  атып түсіріліп, іздестіру жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлады Ирак тарапы.

Бағдад маңындағы тағы бір америкалық база зымыранмен атқыланды.

Соңғы 24 сағаттың ішінде АҚШ-тың Ирактағы төрт әскери базасы шабуылға ұшырады.

Бұған дейін Иран қолдайтын бірнеше қарулы Ирак топтары егер Вашингтон Израильді Хамас лаңкестік ұйымымен күресуде қолдайтын болса, америкалық базаларға шабуыл жасаймыз деп қорқытқан.

Ирак АҚШ әскери база Шабуыл

Тақырыпқа жаңалықтар