Әлем30 маусым 2024, 11:47

Иран: Егер Ливанға қарсы шықса, Израильді жойғанша соғысамыз

Иранның БҰҰ жанындағы миссиясы өзінің X әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында егер Израиль ираншыл «Хезболла» тобы орналасқан Ливанға шабуыл жасаса, бұл «толық ауқымды әскери агрессия, одан кейін жою соғысы» болатынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл мәлімдеме Израильдегі оппозиция жетекшілерінің бірі Бенни Ганц 25 маусымда Израиль армиясы шиіттердің "Хезболла" радикалды тобының әскери қанатының бірнеше күн ішінде жойылуы мүмкін екенін ескерткеннен кейін жасалды.

«Біз Ливанды толығымен қара түнекке батыра аламыз», - деп келтіреді The Jerusalem Post саясаткердің сөзін.

22 маусымда, CNN хабарлағандай, АҚШ билігі «Хезболламен» кең ауқымды соғыс болған жағдайда Израильге көмектесуге уәде берді.

Бұған дейін британдық The Telegraph басылымы Иранның Бейрут халықаралық әуежайы арқылы "Хезболлаға" зымыран жеткізгенін жазған.

Айта кетсек, 2023 жылдың қазан айында Израильдің "Хамас" лаңкестік тобына қарсы соғысы басталғаннан бері "Хезболла" Израильдің солтүстігін бірнеше рет атқылаған.

Иран Ливан Изриль Соғыс Мәлімдеме

Тақырыпқа жаңалықтар