Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ-қа 6 талап қойды
Иранның Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Мохаммад Бакер Золкадрдың айтуынша, АҚШ Тегеранға деген ұстанымын іс жүзінде өзгертпейінше, Ормуз бұғазы арқылы өтетін транзитке қойылған шектеулерді жеңілдетпейді, деп хабарлайды Arbat.Media.
"Жоғары ұлттық қауіпсіздік кеңесі соғыста да, келіссөздерде де ешқашан шегінбейді", – деді Золкадр.
Иран Ормуз бұғазын ашу үшін АҚШ орындауы тиіс алты негізгі шарт қойды:
• АҚШ Иран халқына қатысты қорқыту мен қорлауды тоқтатады;
• Иранға және оның аймақтағы одақтастарына қарсы шабуылды біржола тоқтатады;
• Иранға салынған теңіз блокадасы мен барлық санкцияларды алып тастауы;
• Иранның бұғатталған активтерін қайтарады;
АҚШ-тың Иранға келтірген зияны үшін өтемақы төлейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: