Әлем23 қазан 2023, 13:00

Иран соты екі журналисті жеті жылға соттады

Иран соты екі журналистті жеті жылға дейін бас бостандығынан айырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Нилуфар Хамеди 2022 жылы орамал тақпағаны үшін моральдық полиция ұстағаннан кейін қайтыс болған Махса Аминидің өлімі туралы хабарлаған болатын, ал Элахе Мохаммади Аминидің жерлеу рәсімі туралы жазды.

Әйелдер бір жыл бұрын ұсталған және оларға «дұшпан америкалық үкіметпен жұмыс істеді», «ұлттық қауіпсіздікке қарсы қастандық жасады» және «жүйеге қарсы үгіт-насихат жүргізді» деген айыптар тағылған, деп хабарлады Иранның Mizan сайты.

Аминидің өлімінен туындаған бірнеше айлық наразылық кезінде барлығы 100-ге жуық журналист қамауға алынған.

Құқық қорғаушылардың мәліметінше, Иранда наразылықтар басталғаннан бері кем дегенде 529 адам қаза тапқан.

Билік тағы 19 700-ден астам адамды ұстаған.

Иран Журналистер Соттау

Тақырыпқа жаңалықтар