Әлем20 қазан 2023, 10:30

Ирандық Махса Амини Сахаров сыйлығының лауреаты атанды

Ирандық Махса Амини мен жергілікті әйелдер құқығын қорғау қозғалысы Сахаров сыйлығын алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ирандық күрд Махса Амини қайтыс болғаннан кейін «Әйелдер, өмір, бостандық!» ұранымен ирандық әйелдер құқығын қорғау қозғалысымен бірге Еуропа парламентінің «Ой еркіндігі» сыйлығының лауреаты деп жарияланды.

Амини 2022 жылдың 16 қыркүйегінде орамалды дұрыс тақпаған деген айыппен моральдық полиция оны ұстағаннан кейін қайтыс болған еді. Оның отбасы Махса полицияның қатыгездігінен қайтыс болғанын айтады. Тегеран билігі мұны жоққа шығарады.

"22 жастағы Джина Махса Аминидің айуандықпен өлтірілуі қоғамда үлкен бетбұрыс жасады.

Бұл тарихты жасайтын әйелдер қозғалысының бастамасы болды", - деді Еуропарламент төрағасы Роберта Метсола.

Махса Амини Сахаров сыйлығы лауреат

Тақырыпқа жаңалықтар