Испанияда бетперде киген адам футбол алаңында 11 жасар баланы пышақтап өлтірді
ФОТО: BILD_Russian
BILD_Russian
Әлем19 тамыз 2024, 7:00

Испанияда бетперде киген адам футбол алаңында 11 жасар баланы пышақтап өлтірді

Испанияда бетперде киген адам футбол алаңында 11 жасар баланы пышақтап өлтірді. Шабуыл Испанияның Толедо маңындағы Мосехон шағын қаласында болды. Бүгін таңертең белгісіз ер адам балалар ойнап жүрген футбол алаңында кенеттен пайда болып, 11 жасар баланы бірнеше жерден пышақтап тастады, деп жариялады RTVE мемлекеттік телеарнасы, - деп хабарлайды Arbat.media.

Дәрігерлер келгенше баланың жүрегі тоқтап қалған, оны тірілту мүмкін болмаған.

Қазір полицейлер қылмыскерді іздестіріп жатыр, оның себебі әлі белгісіз.

«Мен баланың отбасына көңіл айтамын және қылмыскер тезірек табылып, жауапқа тартылады деп үміттенемін», - деп жазды Кастилия-Ла-Манча автономиялық қоғамдастығы үкіметінің басшысы Эмилиано Гарсиа-Пэйдж.

Испания футбол алаңы 11 жасар бала пышақтап өлтірді

Тақырыпқа жаңалықтар