Әдепсіз қылық танытқан: Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкері жұмысқа мас күйде келген

Ақтауда Назарбаев зияткерлік мектебінің қызметкері жұмысқа мас күйде келген. Музыка пәнінің көркемдік жетекшісінің әдепсіз қылығын оқушылар видеоға түсіріп алған,деп хабарлайды Arbat.Media.

Телеарна мәліметінше, білім алушылар оның бұған дейін де бірнеше рет ішімдікке сылқия тойып алып мектепке келіп жүргенін айтқан. Ал қызметкер бұл ерсі қылығы үшін кешірім сұрап, ішімдік ішіп келгенін ашық мойындаған. Ол жұмысқа мас күйінде келіп, балалардың көзінше балағат сөздер айтқан.

Мектеп әкімшілігі қызметкерге ішкі тәртіпке сай тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Ақтау Зияткерлік мектеп қызметкер Мұғалім

Тақырыпқа жаңалықтар