Испанияда төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін
Фото: BBC
BBC
Әлем3 қараша 2024, 12:42

Испанияда төтенше жағдай режимі енгізілуі мүмкін

Испания үкіметі елде төтенше жағдай режимін енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл шара елдің Еуропалық ынтымақтастық қорынан көмек алу процесін жеделдетуге ықпал етеді деп үміттенеді. Испанияның премьер-министрі Педро Санчес қыркүйек айындағы ғасырдың ең ауыр су тасқыны деп танылған апат салдарынан зардап шеккен аудандарды қалпына келтіруге қаржы сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Euronews агенттігі таратты, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Мен қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін білемін. Ресурстардың жетіспеушілігінен, қызметтердің бұзылуынан, балшық астында қалған қалалардан, жақындарын іздеп жүрген тұрғындардың жағдайынан хабардармын. Біз жұмысымызды күшейтуіміз керек, бәріміз бірігіп әрекет етуіміз керек екенін білемін», — деді Педро Санчес.

Валенсия аймағы стихиядан ең көп зардап шеккендіктен, үкімет бейбіт уақытта алғаш рет ауқымды әскери қызметті көмекке жіберді.

Қазіргі таңда із-түзсіз жоғалған адамдар іздестіріліп жатыр. Құтқарушылар суға батып кеткен көліктер мен ғимараттарды іздеп, қоқыстарды тазалау жалғасып жатыр.

Төтенше ауа райы ескертулері Испанияның солтүстік-шығысында және оңтүстігінде жексенбіге дейін күшінде болады. Сенбіде билік Балеар аралдарында, сондай-ақ Каталонияда қатты жаңбыр қаупі туралы ескертті.

Соңғы деректерге сай, апат салдарынан қаза тапқандар саны 211 адамға жетті.

Испания Тасқын Төтенше жағдай

Тақырыпқа жаңалықтар