Израиль — 7 қазаннан кейін бір жыл: ынтымақтастықтан — жікке бөліну
Израиль — 7 қазаннан кейін бір жыл: ынтымақтастықтан жік-жікке бөліне бастаған. Былтыр 7 қазан күнгі лаңкестік әрекеттен бір жыл өтті. Тель-Авив көшелерінде Газа секторында кепілге алынғандардың отбасыларынан Хамас тұтқындарын атысты тоқтату құнына болса да үйіне қайтаруға шақыратын плакаттар мен ұрандар ілінген. Сонымен қатар IDF қаза тапқан сарбаздарының суреттері қойылып, «толық жеңіске» дейін атысты жалғастыруды талап етеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израиль қоғамы Хамас шабуылынан кейін қатты күйзелісте болды.
Армияға ақша жинаудан бастап үйін тастап кетуге мәжбүр болған мыңдаған адамға қонақүйлер мен баспана ұйымдастыруға дейін, бәрін ұйымдастыратын азаматтық жедел жәрдем орталықтары пайда болды.
Бірақ бір жыл өткен соң, қазір ондай белсенділіктің үні өшкен. Жігері құм болған.
Кепілге алынғандарды босату туралы келісімге шақыруды қолдау премьер-министр Беньямин Нетаньяху үкіметінің соғыс саясатына қарсылық білдірумен синонимге айналды.
Кепілге алынғандардың отбасы мүшелеріне тіл тигізу әлеуметтік желіде де, көшеде де, тіпті адамға тап беріп шабуылдауға дейін үйреншікті жағдайға айналды.
Кепілге алынғандардың туыстарының көбісін «солшыл» дегенді білдіретін «смоланим» деп атайды, бұл термин Израиль қоғамының кейбір саласында бұрыннан бері қорлау мағынасын білдіреді.
Израильдің әсіре оңшыл үкіметін қолдаушылардың көпшілігінің айтуынша, кепілге алынғандарды босату науқаны қазіргі министрлер кабинетінің құлауын қалайтындардың бақылауына өткен.