Израиль барлауының басшысы Хамас шабуылы туралы мәлімдеме жасады
Израиль барлауының басшысы Хамастың шабуылы туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израильдің жалпы қауіпсіздік "Шин-Бет" қызметінің (америкалық ФБР-ге ұқсас) басшысы Ронен Бар 7 қазанда ХАМАС лаңкестік ұйымының шабуылының алдын ала алмағанын немесе, кем дегенде, бұл туралы ел азаматтарына ескерту жасай алмағанын айтып, бұл үшін жеке жауапкершілікте екенін мәлімдеді.
«Ұйымды басқаратын адам ретінде мен бұл үшін жауаптымын», - деп келтіреді The Times of Israel газеті Ронен Бардың сөзін.
"Уақыты келгенде тергеу жүргізіледі. Біз қазір шайқасып жатырмыз», деді Ронен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: