Израиль делегациясы БҰҰ отырысына сары жұлдыз тағып келді
Израиль делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына сары жұлдыз тағып келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израильдің БҰҰ-дағы елшісі Гилад Эрдан «Ендігәрі ешқашан» деген жазуы бар сары жұлдызды киіп, «кейбір мүше-елдер соңғы 80 жылда ештеңе үйренбегенін» айтты.
«Хамастың жауыздығын айыптап, кепілге алынғандарымызды дереу босатуды талап етпейінше, біз жұлдыз киеміз», - деп қосты ол.
Тұрақты өкіл ХАМАС шабуылынан кейінгі екі жақтың шығынын салыстыру нацистік Германия мен Ұлыбританияның Екінші дүниежүзілік соғыстағы шығынын салыстыру сияқты қабылданбайды деді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: