Израиль елшісі БҰҰ Бас хатшысының отставкаға кетуін талап етті
Израиль елшісі БҰҰ Бас хатшысының отставкаға кетуін талап етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Мен (Антониу Гутерришті) дереу отставкаға кетуге шақырамын», - деп жазды әлеуметтік желіде Израильдің БҰҰ-дағы елшісі Гилад Эрдан Гутерриш Хамастың израильдіктерге жасаған шабуылдары «жайдан-жаай болған жоқ» деп айтқаннан кейін. Эрдан Гутерриштің сөзін «террор мен кісі өлтіруді ақтау» деп айыптады.
БҰҰ Бас хатшысының атысты гуманитарлы түрде тоқтату туралы үндеулерін Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн қатты сынға алды. "Айтыңызшы: сәбилерді өлтіруге, әйелдерді зорлап, өртеп жіберуге, баланың басын шауып тастауға қалай жауап бересіз? Сені құртып, өлтіремін деп ант берген адаммен атысты тоқтатуға қалай келісесің?" – Израиль СІМ басшысы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы кезінде эмоциясын баса алмады.