Израиль Газа секторын толық блокадаға алғанын жариялады
Израиль Газа секторын толық блокадаға алғанын жариялады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы қорғаныс министрі Йоав Галант мәлімдеді.
«Мен Газа секторын толық қоршауға бұйрық бердім. Жарық, тамақ, отын болмайды, бәрі жабылады. Біз адам жануарларына қарсы күресеміз және соған сәйкес әрекет етеміз», - деді ол бүгін Беэр-Шеведегі ЦАХАЛ оңтүстік қолбасшылығының отырысынан кейін.
Дүйсенбі күні таңертең Израиль Газадағы алдағы құрлық операциясына 48 сағат ішінде 300 мыңдай резервті жұмылдырғаны белгілі болды.
Бұл Израиль тарихындағы қысқа мерзімдегі ең үлкен жұмылдыру.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: