Израиль Қорғаныс министрі: Хамас бекіністері құлағалы тұр
Израиль Қорғаныс министрі Хамас бекіністері құлау алдында тұр деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Израиль Қорғаныс министрі Йоав Галант Газа секторының солтүстігіндегі Жабалия және Шеджая аудандарындағы Хамастың соңғы екі бекінісінің Израиль қорғаныс күштері сарбаздарымен қоршалғанын айтты.
«Жеңілмейтін деп есептелген және бізбен соғысуға жылдар бойы дайындалған батальондар жойылу алдында тұр», - деді Галант.
Оның айтуынша, соңғы күндері ХАМАС-тың жүздеген содырлары израильдік әскерилерге берілген.
«Бұл лаңкестік топпен не болып жатқанын көрсетеді», - деп қосты Израиль қорғаныс министрі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: