Әлем29 қазан 2023, 12:30

Израиль Түркиядағы дипломаттарын кері қайтарып алды

Ердоғанның сөзінен кейін Израиль Түркиядағы дипломаттарын кері қайтарып алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Израиль Сыртқы істер министрі Эли Коэн президент Режеп Тайып Ердоғанның қатаң мәлімдемелерінен кейін израильдік дипломаттарды Түркиядан қайтарып алуға «Израиль-Түркия қарым-қатынастарын қайта қарауды» бұйырды.

Израильдің Түркиядағы елшілігі өзінің X парақшасында түрік тілінде «Хамас – террористік ұйым» деген жазумен сурет жариялады.

Стамбұлдағы Ататүрік әуежайында өткен митингіде Ердоған Газа секторындағы әрекеттеріне байланысты Израильді «әскери қылмыскер» деп жариялау ниетін мәлімдеді. Түркия президенті, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне Батыс елдерін айыптап, Израильді Палестина жерлерінің «басқыншысы» және уақыты келгенде «аймақтағы пешка» деп атады.

Израиль түркия диломаттар Елшілік
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары
18 маусым 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар