Израильде мектеп бағдарламасынан Грета Тунбергті алып тастайды
Израиль Грета Тунбергтің палестиналықтарды қолдайтын мәлімдемеcіне байланысты мектеп бағдарламасынан алып тастайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Израильдің Білім министрлігі хабарлады.
«Хамас, балалар, әйелдер мен қарттарды қоса алғанда, 1400 жазықсыз израильдіктердің өлтірілуіне және 200-ден астам адамның ұрлануына жауапты лаңкестік ұйым», - деді министрлік.
Олар экологиялық белсендінің палестиналық ұстанымы «оны үлгі болу құқығынан айыратынын» және Грета «бұдан былай израильдік студенттер үшін идеологиялық шабыт бола алмайтынын» атап өтті.
Бұған дейін Тунберг X әлеуметтік желісінде (бұрынғы Twitter) басқа белсенділермен түскен суретін және «Газаны қолдаймыз» деген жазуды жариялап, тез арада атысты тоқтатуға, «палестиналықтарға әділдік пен бостандыққа» шақырған.
Алайда ол ХАМАС лаңкестік тобының Израильге жасаған шабуылы туралы мүлдем айтпады.