Әлем15 қараша 2023, 16:16

Израильдің қаржы министрі Газа секторы тұрғындарының ерікті эмиграциясын қолдады

Израильдің қаржы министрі Газа секторы тұрғындарының ерікті эмиграциясын қолдады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Израиль қаржы министрі Бецалель Смотрич Газаның араб тұрғындарының басқа елдерге өз еркімен қоныс аударуы еврейлердің де, арабтардың да қасіретін тоқтататын гуманитарлық шешім деді.

Фейсбуктағы кеңірек жазбасында шенеунік босқындарды халықаралық қоғамдастықтың, соның ішінде Израильдің жомарт қаржылық көмегі арқылы қабылдауға болатынын айтты.

Смотрич бұған дейін атышулы мәлімдемелер жасаған: мысалы, осы жылдың басында Парижде өткен іс-шарада ол «Палестиналықтар жоқ, өйткені Палестина халқы жоқ» деген еді.

Сонымен қатар ол басқа елдердің, соның ішінде Иорданияның аумақтарын қамтитын «Үлкен Израиль» деп аталатын картаны көрсеткен.

Мысыр мен Иордания Газа секторынан босқындарды қабылдауға ниетті емес екенін бірнеше рет мәлімдеген. Өйткені ішінара палестиналықтардың анклавқа қайта орала алмайтындығынан қорқады.

Бецалель Смотрич ерікті эмиграция Газа тұрғындары қолдау

Тақырыпқа жаңалықтар