Канада Навальныйдың өліміне байланысты жаңа санкциялар салды
Канада билігі оппозиционер Алексей Навальныйды қорлау мен өлімге қатысы бар ресейлік 13 жоғары лауазымды шенеунік пен тергеу органдарының, Федералдық жазаны атқару қызметі мен полицияның қызметкерлеріне қарсы жаңа санкциялар салды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әңгіме Навальныйдың 2020 жылы жүйкеге әсер ететін «Новичок» препаратымен улануы, оның 2021 жылы әуежайда ұсталуы, колонияға қамалуы және құқықтарының бұзылуы туралы болып отыр.
Сондай-ақ «өлімінің себебін тергеудің жүргізілмеуі және мәйітті отбасына берудің ұзаққа созылуы».
«Коммерсантъ» газеті атап өткендей, қазір Канада Сыртқы істер министрлігінің адам құқықтарын бұзуына байланысты арнайы шаралар туралы ережеге енгізілген 111 адам бар.
Соңғы жарияланған ресейлік есімдердің ішінде: Федералдық жазаны атқару қызметінің төрт өкілі, үш прокурор, үш судья, екі тергеуші және Навальный абақтыда отырған түзеу колониясының бастығы.