Кая Каллас отставкаға кетті
Кая Каллас отставкаға кетті. Ол Еуроодақ дипломатиясы басшысы Жозеп Боррельді ауыстырады. Эстония премьер-министрі енді Еуроодақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі лауазымына кіріседі. Каллас Эстония президенті Алар Кариске отставкаға кету туралы хатты тапсырды, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Өте қиын жұмыс, бірақ сонымен бірге өте қызықты, сондықтан мен оны сағынатын боламын», - деді Кая Каллас Delfi-ге.
Эстонияның жаңа премьер-министрі болып қоршаған ортаны қорғау министрлігінің басшысы Кристен Михал тағайындалады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: