Кенияда салық реформасына қарсы наразылық күшейді
Кенияда салық реформасына қарсы наразылықтар күшейді. Үкімет нанға, өсімдік майына және гигиеналық өнімдерге салық енгізгісі келді. Шерушілер парламент ғимаратын бірнеше жерде өртеп жіберіп, депутаттар жертөле арқылы қашуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Полиция шерушілерге қарсы көзден жас ағызатын газ бен су атқыштарын қолданған.
Сондай-ақ, Daily Nation газетінің хабарлауынша, демонстранттарға оқ жаудырған.
Бір ғана ел астанасының өзінде, алдын ала мәлімет бойынша, он адам қаза тауып, тағы ондаған адам жараланған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: