Әлем15 ақпан 2024, 17:00

Киевте Украина қатарында соғысқан неміс қызымен қоштасты

Киевте Украина қарулы күштері қатарында соғысып қаза тапқан неміс қызымен қоштасты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Диана Савита Вагнер "Карпатская сечь" батальонының құрамында Украинаны қорғап, қаңтардың соңында елдің шығысында қаза тапты.

Ол Киевтегі Лукьяновский зиратының Даңқ аллеясында жерленді.

2022 жылдың күзінде DW-ге берген сұхбатында Диана Украинаға келгенге дейін әскери тәжірибесі болмағанын және гуманитарлық көмек көрсетпек болғанын айтып берген.

Оның айтуынша, қыз «белгілерді емдемей-ақ, себебін жою» үшін ресейлік әскерилер жасаған қиянаттың ауқымы туралы білгеннен кейін Украина қарулы күштері қатарына қосылуды шешкен.

Нәтижесінде жеткіліксіз медициналық білімі бар Диана әскери дәрігер ретінде дайындалып, әріптестерінің айтуынша, ондаған адамның өмірін сақтап қалуға көмектескен.

Диана Савита Вагнер қаза тапты Украина қарулы күштері неміс қызы
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар