Кубаға ядролық сүңгуір қайық пен Ресей флотының басқа кемелері келді
Кубаға ядролық сүңгуір қайық пен Ресей флотының басқа кемелері келді. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Гаванаға «бейресми сапармен» «Қазан» атом сүңгуір қайығы, Кеңес Одағы флотының адмиралы Горшков фрегаты, орта теңіз танкері «Академик Пашин» және құтқару буксирі Николай Чикер келді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кемелердің ешқайсысы ядролық қаруды тасымалдаушы емес деген болжам бар.
Бұған дейін Куба билігі ресейлік кемелер 12-17 маусым аралығында Гавана портында болады деп мәлімдеген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: