Кулеба: Украинаға «тамшылаған» емес, «шексіз және уақтылы» көмек қажет
Украина СІМ басшысы Еуропа елдерін елге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді «шексіз және уақтылы» жеткізуді қамтамасыз етуге шақырды. Кулеба Вильнюсте Латвия, Литва, Эстония және Франция сыртқы істер министрлерімен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында: «Егер бәрі қазіргідей жалғаса берсе, оның соңы жақсы болмайды», - деді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Кулеба Украинада шетелдік әскери қызметкерлердің болуына қатысты ешқандай проблема көрмей отырғанын атап өтті.
"2014-2022 жылдар аралығында Украинада өте тиімді жұмыс істейтін көптеген оқу-жаттығу миссиялары болды. Мен мұның жалғаспауына ешқандай себеп көріп тұрған жоқпын", - деді ол.
Украина дипломатиясы басшысының айтуынша, Еуропада бейбітшілік дәуірі аяқталды.
Ал енді «әлсіз шешімдер» «үлкен соғысқа», ал «күшті шешім» оның аяқталуына әкеледі, деді ол.