КХДР гипердыбыстық оқтұмсықты ғы Hwasong-16B зымыранын сынақтан өткізді
Солтүстік Корея гипердыбыстық оқтұмсығы бар Hwasong-16B зымыранын сынақтан өткізді. Қатты отынмен жұмыс істейтін жаңа зымыран ядролық оқтұмсықты тасымалдауға қабілетті, деп жазды аталмыш елдің мемлекеттік БАҚ, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның басшылығымен Hwasong-16B сынағы өткен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын зымыранды «тағы бір қуатты стратегиялық шабуыл қаруы» деп атады.
Пхеньянның мәлімдеген мақсаты – «әлемнің кез келген жеріндегі» жауға соққы беру.
2022 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Корея көптеген санкциялар мен БҰҰ қарарларына қарамастан, «дұшпандардан күшті шабуыл қаупі болған жағдайда, Пхеньянға ең алдымен кіретін Оңтүстік Корея және АҚШ-қа алдын алу соққыларына рұқсат беретін ядролық қару туралы заң қабылдап, өзін ресми түрде ядролық держава деп жариялады.