Әлем19 қазан 2023, 14:00

Лаңкестер Холокосттан аман қалған зейнеткерді атып өлтірген

 

Лаңкестер Холокосттан аман қалған зейнеткерді израильдік ретінде атып өлтірген, - деп хабарлайды Arbat.media.

90 жастағы Джина Смятич Газа секторының шекарасынан екі шақырым жерде орналасқан Кисуфим қаласында тұрған.

7 қазанда Хамас шабуылы кезінде ол қауіпсіз бөлмеге тығылған.

Бірақ содырлар зейнеткерді израильдік әскерилерміз деп айқайлап алдаған.

Әйелді қонақ бөлмеге сүйреп апарып, басынан атып өлтірген. 

«Ол 6 миллион еврейді өлтірген жауыздықтың куәсі болды. Өткен аптада Хамас лаңкестері оның Израильдегі үйіне кіріп атып өлтірді», - деп жазды Германиядағы Израиль елшілігі.

Холокост Зейнеткер Израиль атып өлтірді

Тақырыпқа жаңалықтар