Лиссабонда фуникулер рельстен шығып кетіп, 15 адам қаза тапты
Лиссабонда туристер арасында танымал «Глория» фуникулері рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде 15 адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алған.
5 адам ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Қалған 13 адам, оның ішінде бір бала жеңіл жарақат алған.
Қаза тапқандардың арасында шетел азаматтары да бар, бірақ олардың қай елден екені әзірге белгісіз.
BBC мәліметінше, апат жергілікті уақыт бойынша сағат 18:05-те болған. Оқиға кезінде вагонда нақты қанша адам болғаны әзірге белгісіз.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: