ӘлемБүгін, 13:44

Луврдағы мұражайды тонаған үшінші күдікті қолға түсті

Францияда ұсталған екі күдікті әйгілі Лувр мұнажайын тонауға қатысқанын ішінара мойындады. Бүгін, 30 қазан күні үшінші күдікті де ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Париж прокуроры Лора Бекко баспасөз мәслихатында мәлімдеді Прокурор күдіктілер ұсталғанымен ұрланған әшекей бұйымдар әлі табылмағанын айтты. Енді ұсталған екі ер адамға байланысты ресми түрде тергеу басталады екен. Қылмысқа қатысқан тағы 1 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетсек, төрт адам Луврды 19-қазанда тонаған еді. Қолды болған қазынаның жалпы құны 88 миллион еуроға бағаланған.

Лувр Фарнция Макрон Ұры

Тақырыпқа жаңалықтар