ӘлемБүгін, 9:24

Луврдағы ұрлық ісі бойынша екі күдікті ұсталды

Сенбіде полиция Луврдағы ұрлық ісі бойынша екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.

БАҚ мәліметінше, күдіктілердің біреуі Алжирге ұшпақ болған әуежайда қолға түсті. Екіншісі Париж маңындағы қала шетінен табылған.

Бұған дейін төрт адамға іздеу жарияланған: екеуі - "Аполлон" галереясына кірген тікелей орындаушылар, тағы екеуі - қылмысқа қатысып, күдіктілердің скутерлермен қашуына көмектескендер. Осылайша, полиция әлі екі күдіктіні іздеп жатыр.

Le Figaro-ның хабарлауынша, Луврдың бір күзетшісі тонаушылармен сөз байласқан болуы мүмкін: алдын ала дерекке сүйенсек, ол музейдің қауіпсіздік жүйесіндегі осал тұстарды табуға көмектескен құпия ақпарат берген.

19 қазанда Парижде әлемге әйгілі Лувр музейі бірнеше минут ішінде тоналды. BFMTV дерегінше, қаскөйлер оқиға орнына скутермен келіп, сыртқы жүк лифті арқылы терезелерге жетіп, оларды қиратқан. Музейге кірген соң Наполеон мен Жозефина патшайымның коллекцияларындағы зергерлік бұйымдарды ұрлап, қашып кеткен.

Залал көлемі 88 млн еуро деп бағаланды.

Лувр ұрлық мұражай Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар