ӘлемБүгін, 17:36

Макрон Қытайдан Украинадағы соғысты тоқтатуға ықпал етуді сұрады

Франция Президенті Эмманюэль Макрон Бейжіңде Си Цзиньпинмен кездесуде Қытайды Украинадағы соғысты тоқтатуға жәрдемдесуге шақырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол кем дегенде Украинаның маңызды инфрақұрылымына жасалатын шабуылдарды уақытша тоқтатуға қолдау күтетінін айтты.

Си Цзиньпин Қытайдың бейбітшілік орнатуға бағытталған «конструктивті рөлін» жалғастыратынын мәлімдеді, бірақ жауапкершілікті тек бір тарапқа жүктеуге болмайтынын жеткізді.

Бұл Макронның Қытайға төртінші сапары. Кездесуде ол Франция мен Қытай арасындағы көзқарас айырмашылықтарын еңсеруге шақырды және Бейжіңді G7 елдерімен ынтымақтасуға үндеді. Си Цзиньпин Франциямен стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын екенін айтты.

Франция Қытай Макрон Келісім

Тақырыпқа жаңалықтар