Марк Цукерберг әйеліне арнап мүсін жасатты
Facebook желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг әйелі Присцилла Чанның 2 метрлік мүсінін орнатты. Мүсінді Tiffany және Dior брендтерімен жұмыс істеген Нью-Йорк суретшісі Даниэль Аршам жасағаны атап өтілді. Чан жасыл түсте, күміс металдан жасалған плащ киген, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы «The Guardian» басылымы хабарлады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Марк Цукерберг Instagram-дағы парақшасында жариялаған суретте Чан мүсіні ағаштың түбіне қойылғанын көруге болады.
Анықтама үшін Марк Цукерберг пен Присцилла Чан 2003 жылы Гарвардтағы студенттер кешінде танысқан.
Ерлі-зайыптылар 2012 жылы үйленген болатын. Қазір олар 9 жасар Максима, 7 жасар Августа және 1 жасар Аурелия есімді үш қызды тәрбиелеп отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: