Әлем5 маусым 2024, 22:53

Мәскеуде «Украина жасасын» деген жейде киген ирандық ұсталды

Мәскеуде «Украина жасасын» деген жазуы бар жейде киген ирандық ұсталды. Мәскеудің Тверской соты Хидари Хоссияға ресейлік армияны «қаралағаны» үшін 50 мың рубль көлемінде айыппұл салды, деп жазады ТАСС, - деп хабарлайды Arbat.media.

31 жастағы Иран азаматы турист ретінде келіп, Мәскеудегі Holiday Inn қонақүйінде тұрып, Васильевский Спускте ұсталды, деп жазады Baza Telegram арнасы.

Ол полицейлердің назарын аударды, себебі оның үстінде Украинаның туы мен елтаңбасы, «Украина жасасын» деген жазуы бар ақ жейде және қайырымдылық сілтемесі бар QR коды болған. 

Украина жасасын Мәскеу ирандық жейде

Тақырыпқа жаңалықтар