Мавритания теңізі жағалауында 89 мигранттың денесі табылды
Мавритания жағалау күзеті Мавританияның оңтүстік-батысындағы Ндиаго қаласының маңынан 89 заңсыз мигранттың мәйітін тапты. Мигранттар Атлант мұхитының жағасындағы Ндиаго қаласынан төрт шақырым жерде тұрып қалған балықшылар қайығының бортынан табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Синьхуа таратқан хабарламада тоғыз адамды, оның ішінде бес жасар қызды Мавртания жағалау күзеті құтқарып қалғаны айтылған, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Тірі қалғандардың айтуынша, қайық алты күн бұрын Сенегал-Гамбия шекарасынан шығып, Еуропаға қарай бет алған. Оның бортында 170 мигрант болды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: