Медиамагнат Мердок Абрамовичтің бұрынғы қайын енесіне үйленеді
Медиамагнат Мердок Абрамовичтің бұрынғы қайын енесіне үйленеді. 92 жастағы миллиардер Руперт Мердок 67 жастағы Елена Жуковаға үйленеді, деп жазады The New York Times Мердоктың істерін басқаратын компанияға сілтеме жасап, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жукова – мамандығы молекулярлық биолог, қазір зейнеткер.
Daily Mail хабарлауынша, ол Мердокпен 2023 жылдың жазынан бері қарым-қатынаста болған.
Оларды медиамагнаттың үшінші әйелі, кәсіпкер Венди Данг таныстырды.
Өткен жазда Мердок төртінші әйелі, модель Джерри Холлмен ажырасқан.
Елена Жукова үшін бұл үшінші неке. Оның бірінші күйеуі - кәсіпкер Александр Жуков. Олардың қызы Дарья - бизнесмен Роман Абрамовичтің бұрынғы әйелі (2017 жылға дейін).
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: