Михаил Саакашвили сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін наразылық шеруіне шақырды
Gedenidze/REDE
REDE
Әлем28 қазан 2024, 9:45

Михаил Саакашвили сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін наразылық шеруіне шақырды

Михаил Саакашвили сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін наразылық шеруіне шақырды. «Қазір біз қалай алдандық деп басымызды күлге тығатын заман емес.Қазір үлкен наразылық уақыты келді.Біз әлемге азаттық үшін күресіп жатқанымызды, әділетсіздікке төзбейтін халық екенімізді көрсетуіміз керек. Бізде уақыт аз қалды!» - бұл жазба Грузияның экс-президентінің Facebook желісіндегі парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ол, сондай-ақ, оппозициялық партияларды парламентке бойкот жариялауға шақырды.

Грузия оппозициясы ресейшіл «Грузия арманы» партиясы 50 пайыздан астам дауыс жинаған парламенттік сайлаудың ресми жарияланған нәтижелерін мойындаудан бас тартты.

Еске салсақ, Саакашвили 2021 жылы Грузияға оралғаннан кейін қамауға алынып, қазір жеке емханада қамауда отыр.

Михаил Саакашвили Грузия сайлау Наразылық

Тақырыпқа жаңалықтар