Моңғолияда Путиннің сапарына қарсы шыққандар ұсталды
Моңғолияда Владимир Путиннің сапарына қарсы шыққандар ұсталды. Шерушілердің шағын тобы Ресей президентін құрметті қарауыл қарсы алған Улан-Батордың бас алаңының маңында Украина туын тікпек болды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл адамдарды полиция ұстады, деп таратты Associated Press.
Оның айтуынша, тағы бес адам Путинге қарсы баннер мен Украина жалауын көтеріп алаңнан бірнеше көшеде тұрған, бірақ полицияның ескертуінен кейін олар тарап кеткен.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: