Әлем4 наурыз 2024, 3:35

Мыңдаған адам үшінші күннен бері Навальныйдың бейітіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр

Мыңдаған адам үшінші күннен бері Навальныйдың бейітіне гүл шоқтарын әкеліп жатыр. Алексей Навальныйды жерлеу рәсімінен кейінгі үшінші күні оның бейітіне дейінгі сызық жүздеген метрге созылып, жалғасуда. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, барлығы «бейбіт және у-шусыз» өтіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

1 наурызда Мәскеудегі Борисов зиратында жерленген саясаткер Алексей Навальныйдың бейітіне адамдар толастамай әлі келіп жатыр.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 15.30-да Мәскеудегі Борисов зиратына кіре берістегі кезектің ұзындығы шамамен 700 метрді құрады, деп жазды "Медуза" жексенбі, 3 наурызда оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап. Борисов зираты Мәскеу уақытымен 17.00-ге дейін ашық болды.

Алексей Навальныйдың бейітіне гүл шоғын  қоюға еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін, барлық жастағы адамдар келуде.

Оқиға куәгерлері адам көп болғанымен, саптың тез қозғалатынын айтады.

Бақылаушылар: «Бәрі өте тыныш, у-шусыз, тыныш, үнсіз», - дейді бақылаушылар, зиратқа кіре берістің жанында екі күрке вагон мен полиция микроавтобусы тұрғанын атап өтіп.

 

Навальный Қоштасу халық Зират

Тақырыпқа жаңалықтар