Мыңдаған мысықтың етінен кәуап істемекші болған
Қытай полициясы кәуапқа жаратпақ болған мың мысықты құтқарды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мысықтың етін қой мен шошқа еті деп, кәуапқа дайындамақ болған.
Жануарлар құқығын қорғаушылардың кеңесімен әрекет еткен полиция шығыстағы Чжанцзяган қаласында көптеген мысықты тасымалдаған жүк көлігін ұстады.
Жануарлар баспанаға орналастырылды, ал полиция мысық етін заңсыз сатудың тағы бір қылмыстық схемасын ашты (оның бір келісі бір долларға жуық тұрады), бұл Қытайдағы азық-түлік қауіпсіздігі туралы тағы да әңгіме тудырды.
Бұқаралық ақпарат құралдары олардың жабайы мысық немесе ұрланған үй жануары екенін айтпады, бірақ барлығы елдің оңтүстігіне жеткізілген, онда олар шұжыққа немесе шошқа мен қой етін жамылып кәуапқа пайдаланылуы мүмкін.
The Paper басылымының хабарлауынша, Чжанцзяган қаласының жануарларды қорғау белсенділері жергілікті зиратта көптеген мысықтың ағаш жәшікте ұсталып жатқанын байқаған. Белсенділер алты күн бойы не болып жатқанын бақылап, 12 қазанда мысықтарды фургонға тиеген кезде жолды жауып, полиция шақырған.