Мықты мысқыл: Моңғолияның экс-президенті Моңғол империясының картасын жариялады
Ресей президенті Владимир Путин америкалық журналист Такер Карлсонмен сұхбатында Украинадағы соғысты Ресейдің тарихи мәлімдемелерімен түсіндіріп бергеннен кейін Моңғолияның бұрынғы басшысы Цахиагийн Элбэгдорж дүниежүзілік тарихқа деген көзқарасын мысқылмен көрсетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Осылайша,Цахиагийн Элбэгдорж Моңғол империясының сұлбасын көрсететін дүниежүзі картасын жариялады.
XIII ғасырдың аяғында оған қазіргі Ресейдің көп бөлігі кірген.
«Путиннің әңгімесінен кейін. Мен Моңғолияның тарихи картасын таптым. Уайымдамаңыздар. Біз бейбіт, азат елміз», – деп жазды Моңғолияның бұрынғы президенті.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: