НАТО Бас хатшысы: Біз Украинаға бұдан да көп көмектесуіміз керек
НАТО Бас хатшысы DW арнасына берген сұхбатында Украинаға бұдан да көп көмектесуіміз керек деп айтты. Йенс Столтенберг Украинаның Ресей Федерациясына қарсы күресу қабілетін дәлелдегенін, сондықтан қазір альянстың басты мақсаты Киевке қолдауды дереу арттыру екенін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.
"Біз украиндықтардың алғашында Ресей басып алған аумақтың 50 пайызын қалай азат еткенін көрдік. Олар Ресей армиясын үлкен шығынға ұшыратып, Қара теңізде дәліз ашып, Ресейдің Қара теңіз флотының көптеген кемелерін суға батырды. Бірақ бұл, әрине, жеткіліксіз. Біз көп жұмыс істеуіміз керек», - деді ол DW арнасына берген сұхбатында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: