Әлем10 желтоқсан 2023, 0:22

Науқас МРТ-ға тапаншамен кіріп жараланды

Науқас МРТ-ға тапаншамен кіріп жаралап алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

МРТ тексеруден өтпес бұрын пациенттерге кез келген металл затты алып тастау керек деп ескертеді, өйткені КТ сканерінің күшті магнит өрісі тартуы мүмкін.

АҚШ-тың Висконсин штатында 57 жастағы әйел бұл талапқа құлақ аспай, МРТ-ға оқталған тапанша әкелген.

МРТ  кабинасының ішінде тапанша іске қосылып атылып кеткен, сөйтіп әйел оң жақ бөксесін жаралаған. 

Науқас сақтандыру төлемін алу туралы шағым түсірді.

Қазір сарапшылар оның МРТ-ға қаруды қалай жасырын алып кіргенін және оған кім кінәлі екенін анықтап жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, науқастың өзі барлық металл бұйымды алып тастадым деп өтірік айтқан.

АҚШ Әйел Тапанша МРТ
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар