Әлем16 ақпан 2024, 20:32

Навальный 27-ші рет жазалау камерасына жіберілген

Бір күн бұрын Навальный тағы да 27-ші рет жазалау камерасына жіберілген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы 14 ақпанда саяси тұтқынның баспасөз хатшысы Кира Ярмыш хабарлады.

«Ол жерде барлығы 308 күн болады», - деп жазды ол.

Бүгін Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары Федералдық жазаны атқару қызметінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Навальныйдың қайтыс болғанын хабарлады.

Бұған дейін саясаткердің денсаулығының нашарлағаны туралы бірнеше рет хабарланған болатын.

2023 жылдың қаңтарында 290 ресейлік дәрігер Владимир Путинге ашық хат жазып, Навальныйды емдеуге шақырды.

«Алексей Навальныйдың қамауда ұстау жағдайы мен сыртқы келбеті бізді оның өмірі мен денсаулығына қатты алаңдатады», - делінген хатта.

Дәрігерлер «Алексей Навальныйды қорлауды тоқтатуды», жазалау камерасына тұрақты ауыстыруды тоқтатуды талап етті, сонымен қатар азаматтық дәрігерлердің оны қабылдауына рұқсат беру қажеттігін талап еткен.

Навальный жазалау камерасы Денсаулық Кира Ярмыш
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар