Әлем17 ақпан 2024, 9:56

Навальный өзі мерт болған жағдайға хабарлама қалдырып кеткен

Ресей саясаткері, оппозиционері Алексей Навальный өзі қайтыс болған жағдайда деп, хабарлама қалтырып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы DW телеграм арнасы жариялады.

«Егер ойға келмейтін оқиға болып, алда-жалда, сізді өлтірсе, ресейліктерге қандай хабар қалдырар едіңіз?»- бұл сұрақты оппозиционер уланғаннан кейін Алексейге, 2020-2021 жылдары түсірілген «Навальный» деректі фильмінің авторы Дэниэл Роэр қойған екен.

"Мені өлтіріп кетсе деген жағдайда, менің айтар сөздерім өте қарапайым; "Берілмеңдер,мүлдем берілмеу керек. Егер бұндай оқиға болса, бұл біздің қазіргі уақытта ерекше күшті екенімізді білдіреді, өйткені олар мені өлтіруге бел буды деген сөз. Біз бұл күшті пайдалануымыз керек: берілмеңіздер, біз осы зұлымдардың қамытының астында жатқан үлкен күш екенімізді есте сақтауымыз керек, тек өзіміздің шын мәнінде қаншалықты күшті екенімізді түсіне алмағандықтан ғана. Зұлымдықтың салтанат құруына тек жақсы адамдардың әрекетсіздігі жетіп жатыр. Сондықтан түк істемей, шарасыз отыруға болмайды», - деп жауап берген екен Навальный. 

Айта кетсек, Навальный бірнеше ай Германияда болғаннан кейін 2021 жылдың қаңтарында Ресейге оралды. Германияда ол "Новичоктан" уланып емделген болатын. Ресей оралмақ болған оны әуежайда ұстап, кейін алдымен 2 жыл 8 ай, содан кейін тағы 9 және тағы 19 жылға сотталды.

16 ақпанда Ресей билігі Алексей Навальныйдың қайтыс болғанын хабарлады. Алексей Навальныйдың жасы 47-де болатын. 

          ФОТО: SUIKEREUTERS

Германияның әртүрлі қалаларында Алексей Навальныйдың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін онымен ынтымақтастық митингілері өтті.

Санкт-Петербургтегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал маңында адамдар Алексей Навальныйды еске алып, гүл шоқтары мен шырақтарын алып жүр. Полиция жиналғандарды таратуға тырысуда, бірақ адамдар үздіксіз келіп жатыр. 

Сондай-ақ түрлі плакатпенен Берлиндегі Ресей елшілігіне де адамдар шықты.

        Фото: DW 

 

Навальный өлтірген жағдайда өлім алдындағы хат Навальный өз өлімі жайлы
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар