Әлем13 қараша 2023, 15:00

Нетаньяху - АҚШ-қа: «Бұл тек біздің соғыс емес, сіздердікі де»

Нетаньяху - АҚШ-қа қарата «бұл тек біздің соғыс емес, сіздердікі де» деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

"Бұл өркениет пен айуандық арасындағы шайқас, ал егер Израиль жеңбесе, апат Таяу Шығыстан асып, Еуропа мен АҚШ-қа тарайды. «Келесі сіз боласыз, - деді Израиль премьер-министрі CNN телеарнасына берген сұхбатында.

Нетаньяху Газа секторында қаза тапқандар санының көп болуына қатысты сынды тағы да жоққа шығарып, Израиль халықаралық заңға сәйкес соғысып жатыр деді.

«Израиль армиясы қарапайым халық шығынын барынша азайтуға тырысып, үлгілі жұмыс атқаруда», - деді ол.

 

Нетаньяху АҚШ соғыс туралы Сұхбат

Тақырыпқа жаңалықтар