Нетаньяху Газа секторын ұзақ уақыт басып алуды көздемейтінін айтты
Нетаньяху алғаш рет Израильдің Газа секторын ұзақ уақыт басып алуды көздемейтінін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Биньямин Нетаньяху видео үндеу жасап, Израильдің Газадағы мақсатының тұрақты басып алу емес, жолақты демилитаризация және дерадикализациялау екенін айтты.
Осылайша премьер-министр кейбір оңшыл үкімет мүшелерінің палестиналықтарды аймақтан кетуге мәжбүрлеу туралы ұсынысына алғаш рет ашық түрде қарсы шықты.
Мен бірнеше нәрсені анық айтқым келеді: Израильдің Газа секторын біржола басып алу немесе оның бейбіт тұрғындарын шығару ниеті жоқ. Израиль Палестина халқымен емес, Хамас лаңкестерімен күресіп жатыр. Біздің мақсатымыз -Газа секторын Хамас лаңкестерінен тазарту және кепілге алынғандарымызды босату. Бұған қол жеткізгеннен кейін Газаны демилитаризациялауға және дерадикализациялауға болады, бұл Израиль үшін де, палестиналықтар үшін де жақсы болашаққа мүмкіндік береді, деді Нетаньяху.
BILD әскери сарапшысы Юлиан Рёпкенің айтуынша, Израиль армиясы Газа секторының солтүстік бөлігінде Хамасқа қарсы операциясын аяқтауға жақын. 8 мыңға жуық содыр өлтіріліп, 30 мыңдай қару-жарақ қолға түсті. Солтүстікте лаңкестер Жебалия, Бейт-Лахия және Газа қаласы сияқты белгілі бір аймақтарда ғана қарсыласуын жалғастыруда. Оңтүстікте, ең алдымен, Хан Юнис қаласы үшін ауыр шайқастар жалғасуда. Израиль әскері сектордың оңтүстік жартысын тағы екі бөлікке кесіп, теңізге жетіп үлгерді.