Әлем4 қараша 2023, 11:00

Нетаньяху: Кепілге алынғандар босатылмайынша, атыс тоқтатылмайды

Нетаньяхудың мәлімдеуінше, кепілге алынғандар босатылмайынша, атыс тоқтатылмайды, - деп хабарлайды Arbat.media.
 
Израиль премьер-министрі теледидар арқылы сөйлеген сөзінде израильдік кепілге алынғандарды босатпайынша, Хамаспен кез келген уақытша атысты тоқтатуды қабылдамайтынын айтты.

Ол Израильдің "Газаға жанармай жеткізуге рұқсат бермейтінін" айтты.
 
Биньямин Нетаньяху Израильдің дұшпандары елді жоюға тырысып жатқанын, бірақ ИМ «жеңіске жеткенше тоқтамайтынын» атап өтті.

Бұл «Хамастың жойылуын, кепілге алынғандардың үйіне қайтарылуын және израильдіктер мен олардың балаларының қауіпсіздігін қалпына келтіруді білдіреді.

Биньямин Нетаньяху Мәлімдеме кепіл Атыс

Тақырыпқа жаңалықтар