Әлем31 қазан 2023, 19:00

Нидерландының алғашқы F-16 украин ұшқыштарын оқыту орталығына келеді

Нидерландының алғашқы F-16 жойғыштары екі аптадан кейін Румыниядағы украин ұшқыштарын оқыту орталығына келеді.

Бұл туралы Нидерланд премьер-министрі Марк Рютте X әлеуметтік желісінде жазды.

Оның айтуынша, Украинадан ұшқыштарды дайындау курстары жақын арада басталуы мүмкін.

Бұған қоса, Нидерланды «Қара теңіз арқылы астық экспортына балама дәліздің» қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Украинаға патруль қайықтар береді.

Рютте, сондай-ақ, Украинадағы ресейлік әскерлердің әскери қылмыстарын тергеу жалғасып жатқанын және осы мақсатта Нидерландыдан Халықаралық қылмыстық соттың қамқорлығымен жұмыс істейтін төртінші сот-медициналық миссиясының Украинада екенін атап өтті.

«Израильдегі және Газа секторындағы сұмдық жағдай біздің назарымызды Украинадан алшақтатпайды», - деп атап өтті Марк Рютте.

нидерланды F-16 румыния Украинаға көмек

Тақырыпқа жаңалықтар